Өңірлер

Шығыс Қазақстанда есірткі сатқан фармацевт ұсталды

© Sputnik / Болат ШайхиновЛекарства, деньги
Лекарства, деньги - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2021
Жазылу
Күдікті есірткіге тәуелді және кәмелетке толмағандарға "трамадол", "тропикамед" препараттарын рецептісіз сатып келген

НҰР -СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында дәріханалардың бірінде есірткі сатып келген фармацевт ұсталды, деп хабарлады Altaynews.kz.

3 тамыз күні ШҚО полиция департаментіне есірткіге тәуелді және кәмелетке толмағандарға "трамадол", "тропикамед" препараттарын рецептісіз сатып жатқан Новаторов көшесіндегі дәріханалардың біріне қатысты шара қабылдау туралы ұжымдық арыз келіп түскен.

Оқи отырыңыз: Атырауда жантүршігерлік қылмыс жасаған дәрігерлерге қатаң жаза кесілді 

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аталған арызды тексеру мақсатында аталған дәріханадан "тропикамед" препаратын 1200 теңгеге сатып алады.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 48 жастағы фармацевт ұсталды, одан 11 дана "тропикамед" препараты тәркіленіп, "Трамадол" препаратының 2 данасы, сондай-ақ жалған "сатып алушыдан" өтем үшін алынған 1500 теңге сомасындағы қаражат алынды.

Дәріхана иесін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жиналған материал ШҚО медициналық фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне жолданды", - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

Жаңалықтар
0