Қоғам

Төрт баланың анасы 5 жасар қызына туысы азғындық жасап жүргенін біліп қалған

© Photo : Рixabay/Isabella QuintanaКукла в руке
Кукла в руке - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2021
Жазылу
Полиция департаментінің баспасөз қызметі зардап шеккен отбасы анықталғанын жеткізді. Сотқа дейінгі тергеу басталды

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз — Sputnik. Шымкентте 5 жастағы қызға жақын туысы азғындық жасады деген күдік бар. Бұл туралы "Не молчи" қоғамдық қоры әлеуметтік желіде жазды.

Қордың мәлімдеуінше, сұмдық жағдайды оларға жәбірленуші отбасының танысы жеткізген, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

Кішкентай қызына жақын ағайыны сексуалдық сипаттағы әрекет жасап жүргенін қыздың анасы біліп қалған. Бірақ төрт баланың анасы шарасыз. Өйткені туыстарының қысымы басым көрінеді. Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр.

"Шымкент қаласы полиция департаментінің тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 124-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық істі тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деп хабарлады полиция департаменті.  

Полиция департаментінің баспасөз қызметі зардап шеккен отбасы анықталғанын жеткізді. Бұдан өзге ақпарат әзірге құпия деді. Алайда қоғамдық қор жетекшісі Дина Таңсәрі мұндай сұмдықты жасыруға, жылы жауып қоюға қарсы.

Оралдағы сұмдық: оқушы өгей әкесі жіберген аудио хабарламаны анасына көрсеткен

"Заң бойынша жақын туыстары, анасы көпке жарияламауға хақысы бар. Алайда адамгершілік тұрғыдан мұндай сұмдықты жасыруға болмайды. Туыстармен өзара ақылдасып, "жабулы қазан күйінде" қалдыра салу дұрыс емес. Оның соңы өте ауыр жағдайға әкеп соғуы мүмкін. Жалпы мұндай жағдайда туыс, таныс дегеннің кеңесіне құлақ асып, уақыт жоғалту да дұрыс емес. Көбіне мұндай азғындықты отбасылық құпия ретінде өз арамызда шешеміз деп ойлайды. Бірақ бұл – өте ауыр қылмыс", - дейді "Не молчи" қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі.

Жаңалықтар
0