Денсаулық

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 92 адам қайтыс болды

© AP Photo / Luca BrunoРука пациента с капельницами в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом
Рука пациента с капельницами в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2021
Жазылу
Қазақстанда пандемия басталғаннан бері коронавирустан қайтыс болғандардың жалпы саны тоғыз мыңнан асты

АЛМАТЫ, 28 шілде – Sputnik. Қазақстанда соңғы тәулікте 81 адам коронавирус инфекциясынан, тағы 11 адам пневмониядан қайтыс болды.

Ал жуырда бір күнде коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар 110 адамға жетті. Ал коронавирус пандемиясы басталғалы коронавирустан 5 619 адам, пневмониядан 3 660 адам қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, республикада бір тәулік ішінде 6 925 адам коронавирус жұқтырған, тағы 324 адам пневмонияға шалдықты.

28 шілдедегі мәлімет бойынша, 89 058 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 24 748 пациент стационарда, 64 310 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Науқастар арасында 1 500 адамның жағдайы ауыр, 319 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 160 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Жаңалықтар
0