НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 6925 адамнан коронавирус инфекциясын жұқтырды.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 1531
- Алматы қаласы - 1250
- Шымкент қаласы - 421
- Ақмола облысы - 210
- Ақтөбе облысы - 191
- Алматы облысы - 220
- Атырау облысы - 430
- Шығыс Қазақстан облысы - 312
- Жамбыл облысы - 137
- Батыс Қазақстан облысы - 197
- Қарағанды облысы - 920
- Қостанай облысы - 213
- Қызылорда облысы - 150
- Маңғыстау облысы - 267
- Павлодар облысы - 225
- Солтүстік Қазақстан облысы - 134
- Түркістан облысы - 117.
Пандемия басталғалы ел бойынша ауырғандар саны 549 628 адамға жетті.
Кеше, 28 шілдеде премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Комиссия елдегі тәуліктік сырқаттанушылықтың 65%-ін және тәуліктік өлім-жітімнің 55%-ін құрайтын Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды қалаларында карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдады.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой отырыста эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімдеді. Бірқатар өңірде инфекциялық және реанимациялық төсек-орын тапшылығы болады деген болжам бар. Бұл өлімнің күрт өсуіне әкелуі мүмкін, деді министр. Тәуекел аймағында Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе, Ақмола және Қызылорда облыстары тұр.
