Қоғам

Ішкі істер министрлігі жолаушылардың вакциналау құжатын тексеруді күшейтеді

© REUTERS / DADO RUVICПаспорт вакцинированного от коронавируса
Паспорт вакцинированного от коронавируса - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2021
Жазылу
Құқық қорғаушылар медициналық анықтама мен вакциналау құжатын қолдан жасау фактісін жиі анықтап жатыр. Соған байлансты ішкі істер министрлігі әуежай мен вокзалда тексерісті күшейтеді

АЛМАТЫ, 27 шілде – Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрлігі әуежай мен вокзалда жолаушылардың Ashyq қосымшасындағы статусын тексеруді күшейтеді.

Сондай-ақ ПТР анықтамасы пен вакциналау құжаттарының түпнұсқа екенін тексереді. Мұндай шара құжатты қолдан жасаудың жиілегенінен байланысты қабылданып отыр, деп хабарлады Polisia.kz.

"Алматы қаласының халықаралық әуежайында көлік полициясының қызметкерлері әуежай қызметкерлерімен бірге Түркияға демалысқа ұшуды жоспарлаған қыз бен жігітті анықтады. Олар ПТР анықтамасын билетпен бірге бейтаныс адамнан сатып алған", - деді көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекиев.

Дәл сол күні Шымкентте Беларусь еліне жалған ПТР анықтамамен ұшпақ болған тұрғын ұсталды.

"Олар ұшуға жіберілмеді. Аталған жайттар бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 385-бабы 3-бөлігі "көрінеу жалған құжатты пайдалану" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп толықтырды Бекиев.

2021 жылдың басынан бастап жалған ПТР анықтамасын жасау және пайдалану бойынша 45 іс, вакциналау құжатын қолдан жасау бойынша 35 іс қозғалды.

Айта кетейік, Қазақстанда жалған құжаттарды дайындағаны үшін төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған.

Жаңалықтар
0