Спорт

Токио Олимпиадасы: тағы бір дзюдошымыз ұтылып қалды

© Photo : НОК Казахстана, Сали СабировДзюдоист Жансай Смагулов
Дзюдоист Жансай Смагулов - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2021
Жазылу
Жансай Смағұлов бірінші айналымда армян палуаны Фердинанд Карапетянды жеңді. Алайда екінші айналымда канадалық Артур Маржелидонға есе жіберді

НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде – Sputnik. Қазақстандық дзюдошы Жансай Смағұлов екінші айналымда ұтылып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Дзюдошы Елдос Сметов - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2021
Спорт
Токио Олимпиадасы: Елдос Сметов ел қоржынына алғашқы медальды салды
Бүгін Токио Олимпиадасында 73 келі салмақ дәрежесі бойынша жекпе-жектер басталды. Қазақстандық дзюдошы Жансай Смағұлов бірінші айналымда армян палуаны Фердинанд Карапетянмен кездесті. Жекпе-жек кезінде екеуі де екі ескерту алды. Алайда Смағұлов қарсыласынан айласын асырып, бір вазариге ие болды. Осының арқасында жеңіске жетті. Ал екінші айналымда канадалық Артур Маржелидонды вазариге түсірді. Бірақ өзі иппонға түсіп қалды. Осылайша Жансай Смағұлов жарыстан шықты.

Айта кетейік, бұған дейін дзюдошы Елдос Сметов (60 келі) қола жүлдені жеңіп алған болатын. Отгонцэцэг Галбадрах бірінші жекпе-жекте ұтылды. Ал 66 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген Ерлан Серікжанов екінші айналымнан аса алмады.

Алдағы уақытта татамиге тағы екі дзюдошымыз шығады. Олар – Дидар Хамза мен Ислам Бозбаев.

Жаңалықтар
0