НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде — Sputnik. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токиода өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарындағы теннис турнирінің үшінші айналымына өтті.
Енді ол ширек финалға шығу үшін Арина Соболенко (Беларусь) – Донна Векич (Хорватия) жұбының жеңімпазымен ойнайды. Ол әйелдер арасындағы теннис турнирінде Қазақстан намысын қорғайтын жалғыз спортшы болып отыр.
Олимпиада ойындарына қатысуға жолдама алған басқа теннисшілер жарыстан шығып қалды: Юлия Путинцева мен Ярослава Шведова аптап ыстық пен күн өту салдарынан жарысты жалғастыра алмаса, Зарина Диястың жарақаты ойыннан шығуына себеп болды.
Қазақстандық теннисшілер арасында Михаил Кукушкин жарысты жалғастырып келеді. Ол бірнші айналымда аргентиналық Федерико Кориодан басым түсті. Қазақстандық теннисшінің келесі қарсыласы Беларусьтен келген Илья Ивашка болмақ.
Александр Бублик бірінші раундта ресейлік Даниил Медведевке есе жіберіп, Олимпиада ойындарынан шығып қалды.

