Қоғам

Қырғызстан мен Өзбекстаннан жеткізіп тұрған: ҰҚК арнайы операция өткізді

© Photo : Пресс-служба Комитета национальной безопасности Казахстана Оперативно-тактическое учение "Спрут-2020" провели сотрудники КНБ
Оперативно-тактическое учение Спрут-2020 провели сотрудники КНБ  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2021
Жазылу
Қазақстан үшін негізгі есірткі қаупінің бірі "ауған факторы" болып табылады

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде — Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері халықаралық есірткі арнасын жойды. ҰҚК баспасөз қызметінің ақпаратынша, Қазақстан үшін негізгі есірткі қаупінің бірі "ауған факторы" болып табылады.

Есірткінің қарқынды және жаппай таратылуы ұлт денсаулығына орасан зиян келтіріп, ел генофондына теріс әсер етуде.

Ауғанстандағы тұрақсыз ахуал Орталық Азия елдері арқылы Ресей мен Еуропаға есірткі ағынының жандануына ықпал етуде.

Осындай жағдайда Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2021 жылдың маусымында шетел серіктестерімен өзара іс-қимылда Қырғызстан мен Өзбекстаннан Қазақстанға апиын есірткісін контрабандалық жеткізу арналарының жолын кесу бойынша 2 халықаралық операцияны іске асырды.

Арнайы операция нәтижесінде 12,3 кг ауыр есірткі құралының Қазақстанға келіп түсуіне жол берілмеді.

Өзбекстан мен Қазақстан аумағында трансұлттық құрылымдардың 4 қатысушысы қылмыс үстінде ұсталды.

Оқи отырыңыз: Атырауда деструктивті діни ағым өкілдерінің арам пиғылы жүзеге аспады

Қырғыз Республикасынан жеткізілген есірткіні жасырын орыннан алу кезінде Тараз қаласының есірткі курьері – бұрын осыған ұқсас есірткі қылмысын жасағаны үшін сотталған Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды. Олар кінәларын мойындады, тергеумен ынтымақтастық жасауда.

Бұл қылмыс үшін жоғарғы мерзім 20 жыл не мүлкін тәркілеумен өмір бойына бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Есірткі трафигіне қатысы бар өзге де адамдарды анықтау бойынша тергеу-жедел іс-шаралары жалғасып жатыр.

Жаңалықтар
0