Қоғам

Жағдай ушығып барады: бір тәулікте 2 800-ге жуық адам COVID-19 жұқтырды

© AP Photo / Dita AlangkaraМедик в защитном костюме проводит анализ проб ПЦР-теста на коронавирус
Медик в защитном костюме проводит анализ проб ПЦР-теста на коронавирус - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2021
Жазылу
Бұған дейін ведомствоаралық комиссия коронавирустың үнді штамы елдің барлық өңірі мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте табылғанын хабарлаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде - Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 2 765 адамнан ПТР арқылы коронавирус анықталды, деп хабарлайды коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 797;
  • Алматы қаласы - 385;
  • Шымкент қаласы - 131;
  • Ақмола облысы - 98;
  • Ақтөбе облысы - 35;
  • Алматы облысы - 88;
  • Атырау облысы - 137;
  • Шығыс Қазақстан облысы - 83;
  • Жамбыл облысы - 37;
  • Батыс Қазақстан облысы - 157;
  • Қарағанды облысы - 463;
  • Қостанай облысы - 53;
  • Қызылорда облысы - 33;
  • Маңғыстау облысы - 142;
  • Павлодар облысы - 65;
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 20;
  • Түркістан облысы - 41.

Жалпы пандемия басталғалы ел бойынша ауырғандар саны 430 928.

Бұған дейін ведомствоаралық комиссия коронавирустың үнді штамы елдің барлық өңірі мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте табылғанын хабарлаған болатын.

Қызмет көрсету саласының жұмыскерлері мен 20-дан астам қызметкері бар ұжымдар міндетті түрде вакцинациядан өтеді.

Жаңалықтар
0