Әлем

Sputnik жетекшілері "Ресей медиа-менеджері" сыйлығының лауреаты атанды

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуМаргарита Некрасова получила награду в номинации "Интернет-Медиа" в категории "Социальные медиа"
Маргарита Некрасова получила награду в номинации Интернет-Медиа в категории Социальные медиа   - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2021
Жазылу
Мәскеуде "Ресей медиа-менеджері" сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде — Sputnik. Орыс тілінде хабар тарататын Sputnik радиосының жетекшісі Алексей Орлов, Sputnik мультимедиялық орталықтар дирекциясының шеф-редакторы Маргарита Некрасова және Sputnik Армения агенттігі және радиосының жетекшісі Дмитрий Писаренко "Ресей медиа-менеджері – 2021" сыйлығының иегері атанды.

Алексей Орлов "Радио – Федералды радиостанциялар" номинациясының лауреаты, Маргарита Некрасова таяу шет мемлекеттердегі Sputnik әлеуметтік желілерді дамытқаны үшін "Әлеуметтік медиа" санаты бойынша "Интернет-БАҚ" номинациясының, Дмитрий Писаренко "Ресейден тыс аумақта орыстілді БАҚ-ты ілгерілетудегі сүбелі үлесі үшін" номинациясының лауреаты атанды.

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуSputnik радиосының жетекшісі Алексей Орлов
Sputnik жетекшілері Ресей медиа-менеджері сыйлығының лауреаты атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2021
Sputnik радиосының жетекшісі Алексей Орлов

Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты бейсенбіде Мәскеуде өтті.

"Әрбір адам үшін радио үйде де, сыртта да, жолда да әркез серікке айналады. Тіпті ХХІ ғасырдың өзінде радиосыз қоғамды елестету мүмкін емес. Ал Sputnik радиосы нарықтағы үздіктердің бірі. Бүгінгі марапат осыған дәлел", - деді Алексей Орлов.

Ал Маргарита Некрасов өз кезегінде жобаның аккаунттарын әлеуметтік желіде дамыту агенттік жұмысындағы басымдықтардың бірі екенін айтты.

"Sputnik редакциялары жақын шет мемлекеттерде 5 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Ол осы елдердегі медианарықтағы көшбасшының біріне айналды. Біз объективті көрсеткіштер – аудиторияның өсуі мен оның қызығушылығына көңіл бөлеміз. Бұл марапат кәсіби қауымдастық та біздің еңбегімізді елегенін көрсетіп тұр. Біздің команда қол жеткізген таңғаларлық нәтижені мақтан тұтамын", - деді Некрасова.

"Шетелде орыстілді медианың дамуына ұлттық ұжымның үлкен үлес қосқанын атап өткім келеді. Орыс тілін туған тіліндей жетік білетін қызметкерлеріміз қанатты мүсіншенің бүгін Ереванға, Sputnik Армения редакциясына жол тартуына себепші болды", - деді Дмитрий Писаренко.

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуРуководитель Информационного агентства и радио Sputnik Армения Дмитрий Писаренко
Sputnik жетекшілері Ресей медиа-менеджері сыйлығының лауреаты атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2021
Руководитель Информационного агентства и радио Sputnik Армения Дмитрий Писаренко

"Ресей медиа-менеджері" ұлттық сыйлығы медиабизнес, жарнама және коммуникация саласындағы елеулі жетістіктерді насихаттау мақсатында құрылған. Салалық марапат жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдары, жарнама және PR-индустрияда кәсібилік пен шеберлік танытқан үздік топ-менеджерлерге табысталады. "МедиаБизнес" баспа үйі және "Новости СМИ" журналы аталған сыйлықтың құрылтайшысы және ұйымдастырушысы.

Sputnik - Ресейдің "Россия сегодня" медиатобының құрамына кіретін халықаралық ақпараттық агенттігі және радиосы. Sputnik 32 тілдегі интернет-сайтты, әлемнің 90-нан астам қаласындағы аналогтық және цифрлық радио хабар тарату жүйесін және ағылшын, араб, испан, қытай және парсы тілдеріндегі жаңалықтар сайтын қамтиды. Sputnik ақпараттық ресурстарының аудиториясы айына шамамен 57 миллион пайдаланушыны құрайды, әлеуметтік желідегі оқырманның жалпы саны 22,9 миллионнан асады. Sputnik-тің бас кеңсесі Мәскеуде орналасқан.

Жаңалықтар
0