Әлем

Он жастағы қыз қарттықтан көз жұмды

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуМягкая игрушка висит на капельнице, архивное фото
Мягкая игрушка висит на капельнице, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2021
Жазылу
Жеткіншек қартаю процесі өте жылдам жүретін туа біткен генетикалық ауруға шалдыққан

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде — Sputnik. Украинада он жастағы жеткіншек ерте қартаю салдарынан көз жұмды. Ира Химичтің қайтыс болғаны туралы оның анасы Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

"Ира көз жұмды. Кеше оның жүрегі тоқтады. Сені осы жолы құтқара алмағанымыз үшін бізді кешір", - деп жазды Дина Химич.

Қыз бала прогерия атты емделмейтін сирек кездесетін генетикалық ауруға шалдыққан, оны Хатчинсон-Гилфорд синдромы деп те атайды.

Ираның анасы әлеуметтік желіде қызының суреттерін жариялап, оның оқудағы жетістіктері мен қайырымдылық акцияларына қатысқаны туралы тұрақты жазып келген.

Прогерия – балаларда кездесетін клиникалық тұрғыда мерзімінен бұрын қартаю белгілері бар генетикалық ауру.

Бұл дерт тері және ішкі органдардың өзгеруін тудырады. Әдетте сәби бірнеше ай қалыпты дамып, одан кейін кері қайтарылмайтын өзгерістер пайда болады да, қартаю процесі үдей түседі.

Бүгінде балалардағы прогерия кезінде өмір сүру ұзақтығы 13 жасты құрайды. Бұл ауру көп жағдайда баланың екі-үш жасында анықталады. Ирина Химичке бұл диагноз бес жасында қойылды.

Жаңалықтар
0