Өңірлер

Атырау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бөлім қызметкері ұсталды

© Sputnik / Алексей Вовк / Медиабанкке өтуСотрудник правоохранительных органов снимает наручники, архивное фото
Сотрудник правоохранительных органов снимает наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2021
Жазылу
Ведомство қызметкері аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін қамауға алынды

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде - Sputnik. Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі парамен ұсталды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

"2021 жылдың 1 шілдесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ішкі қауіпсіздік департаменті Атырау облысы бойынша департаментпен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілін ірі көлемде пара алғаны үшін ұстады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Күдікті Атырау полициясы басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқи отырыңыз: Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес қылмыстық істің мән-жайын тергеу мүддесіне байланысты жариялауға болмайды, деді ведомстводағылар.

Жаңалықтар
0