Мемлекет басшысы федерация кеңесі төрағасының екі ел арасындағы одақтастық қатынастарды дамытуға қосқан жеке үлесін жоғары бағалады.
"Біз сіздің ТМД парламентаралық ассамблеясының төрағасы ретіндегі жемісті, тиімді қызметіңізге үлкен құрметпен қараймыз. Сіз ұзақ жылдар бойы халықаралық парламенттік платформада тиімділігін көрсеткен маңызды органға басшылық етіп келесіз", - деді президент.
Ал Валентина Матвиенко Қазақстанды келе жатқан Қала күнімен құттықтап, Ресей басшысы Владимир Путиннің елдің жас астанасы туралы "Нұр-Сұлтан – қазіргі әлемнің кереметі" деген сөзін келтірді.
Бұған дейін Валентина Матвиенко федерация кеңесі мен Қазақстан сенаты арасындағы ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық комиссияның кеңейтілген отырысына қатысқан болатын.