Экономика

Есеп комитетінің төрағасы Тоқаевқа тексерістердің қорытындысы туралы баяндады

© Официальный сайт Президента КазахстанаТокаев принял председателя Счетного комитета Наталью Годунову
Токаев принял председателя Счетного комитета Наталью Годунову - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2021
Жазылу
Наталья Годунова президентке 2020 жылғы республикалық бюджеттің жұмсалуына қатысты үкіметтің есебі бойынша шығарылған негізгі қорытындылар жөнінде есеп берді

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Депутатские мандаты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2021
Қоғам
Тоқаев депутаттардың дербестігін кеңейтетін заңға қол қойды
Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2020 жылғы республикалық бюджеттің жұмсалуына қатысты үкіметтің есебі бойынша шығарылған негізгі қорытындылар жөнінде есеп берді. Құжат өткен аптада парламенттің бірлескен отырысында қабылданған болатын.  

Сонымен қатар Наталья Годунова жер ресурстарын басқаруға, арнаулы экономикалық аймақтарға және "Тау-кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлік қоғамына жүргізілген тексерістердің негізгі қорытындылары туралы баяндады.

Кездесу соңында мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасына тиісті тапсырмалар берді.

Жаңалықтар
0