НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Әлеуметтік желіде алдағы уақытта локдаун енгізілетіні туралы ақпарат тарап кетті. Денсаулық сақтау министрлігі оны жоққа шығарды, деп хабарлайды Stopfake.kz сайты.
Пайдаланушылардың айтуынша, Қазақстан КВИ таралу қарқыны бойынша қайтадан "қызыл" аймақта, сондықтан қалалар арасындағы қозғалысқа тыйым салынды.
Бұл қауесетті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.
"Бұл жалған ақпарат. Бүгінгі таңда кейбір аймақтарда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты карантиндік шаралар күшейтілді. Олар сауда орталықтарының, дәмханалардың, барлардың жұмыс уақытын қысқартуға, қоғамдық көліктердің дезинфекциялау уақытын ұлғайтуға және т.б. қатысты. Ел аумағында локдаун енгізілмейді. Қалалар арасындағы ұшулар мен жерүсті қалааралық көлік штаттық режимде жұмыс істейді. Блокпосттар қойылмаған", – деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Бүгінгі таңда Қазақстанда Үндістанда алғаш рет табылған Delta-штаммның таралуына байланысты КВИ-мен сырқаттанушылықтың өсуі тіркелуде.
Оқи отырыңыз: Қазақстан "қызыл" аймақта: Цой вирус жұқтырғандар көбейіп бара жатқанын айтты
Коронавирустың таралу қарқыны бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары "қызыл аймаққа" кірді. "Сары аймақта" – Шымкент, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Маңғыстау облыстары. Қалған өңірлер "жасыл аймақта".
