Елорда тынысы

Елорданың екі тұрғыны 70 тоннадан астам дизель отынын заңсыз сатқан

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуПродажа дизельного топлива, архивное фото
Продажа дизельного топлива, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2021
Жазылу
Қаржы мониторингі агенттігі азаматтарды жанар-жағармай материалдарын күмәнді орындардан сатып алудан бас тартуға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Елорданың екі тұрғыны 14 миллион теңгеге дизель отынын заңсыз сатқан, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігінің баспсасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті елорда аумағында дизель отынын заңсыз сату дерегі бойынша қылмыстық істі аяқтады. Нәтижесінде департамент қызметкерлері елорданың екі тұрғыны 14 миллионнан астам теңгеге 70 тоннадан астам дизель отынын заңсыз тасымалдап, сатқанын анықтады.

Өнімді сату барысында оның қайда шығарылғанын растайтын құжаты болмаған. Қылмысты ұйымдастырушылар шартты түрде 3 жылға сотталды.

Сондай-ақ қаржы мониторингі агенттігі азаматтарды жанар-жағармай материалдарын күмәнді орындардан сатып алудан бас тартуға шақырды.

"Автомобильге жанармай құю станциясының заңсыз жұмысы, соның ішінде заңсыз сатылған дизель отыны жоғары өрт қаупі бар объекті саналады және адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп төндіреді", - деп хабарлады агенттік.

Қаржы мониторингі агенттігі жанар-жағармай материалдарын заңсыз сату дерегі анықталған жағдайда +7 (7172) 70-84-78 сенім телефонына немесе әлеуметтік желілердегі ресми аккаунт арқылы хабарласуды сұрайды.

Жаңалықтар
0