Әлем

Коронавирустан "көз жұмған" әйел жерлеу рәсімінде туыстарын есеңгіретіп тастады

© REUTERS / EDGARD GARRIDOСотрудник морга рядом с телом погибшего от коронавируса
Сотрудник морга рядом с телом погибшего от коронавируса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2021
Жазылу
Коронавируспен ауырған әйел есінен танып қалған. Туыстары оны қайтыс болды деп ойлап, жерлеу рәсіміне кірісіп кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Үндістанда туыстары коронавирустан қайтыс болды деп ойлаған әйел көзін ашты.

Өлікті өртейін деп жатқанда 76 жастағы әйел есін жинап, жылай бастаған, бұл отбасы мүшелерін есеңгіретіп тастады, деп хабарлады Business Insider.

Барамати қаласында тұратын Шакунтала Гайквадтың коронавирус жұқтырғаны өткен аптада анықталды. Оның жағдайы нашарлағаннан кейін отбасы мүшелері 10 мамырда Шакунталаны ауруханаға жеткізіпті, бірақ бос палата болмаған.

Олар көлікте төсек-орынның босағанын күтіп отырған кезде әйелдің жағдайы нашарлап, есінен танып қалған. Туыстары ол қайтыс болды деп ойлаған. 

Ешкі бағып жүріп, есінен танған: жерлеу рәсімінде күтпеген оқиға болды

Отбасы оны үйге әкеліп, жерлеу рәсіміне дайындала бастайды, бірақ БАҚ-тың хабарлауынша, мәйіт салынған зембілді өртемек болғанда ол көзін ашып, жылай бастаған. Бұл ақпаратты жергілікті полицей Сантош Гайквад растады.

Науқас ауруханаға қайта жеткізілді. Оның қазіргі жағдайы белгісіз.

Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, Үндістанда пандемия басталғаннан бері 24 миллионнан астам адам індетті жұқтырып, оның 272 мыңнан астамы қайтыс болды.  

Жаңалықтар
0