Өңірлер

Ақтөбе маңында екі бала суға батып кетті

CC0 / / Дети на берегу
Дети на берегу - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2021
Жазылу
Қаза болған балалар 5 және 6 жаста болған

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысында ересектердің қарауынсыз жүрген екі бала суға батып кетті. Бұл туралы жергілікті "Мой Город" басылымы хабарлады.

Қайғылы жағдай 12 мамыр түнде болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне хабар түнгі 22:29-да түскен. 5 және 6 жастағы екі бала Ақтөбе маңындағы Бекқұл баба ауылындағы Жаман Қарғалы өзеніне батып кеткен.

Оқи отырыңыз: Семей тұрғыны Ертіс өзеніне құлап кетті

Оқиға орнына құтқарушылар келгенше ауыл тұрғындары бес жастағы баланың денесін судан шығарып алған. Түнгі он екі шамасында құтқарушылар жағадан үш метр, тереңдігі 7 метр жерден екінші баланың денесін алып шықты, ол 6 жаста болған.

Екеуінің ересектердің қарауынсыз жүргені, суға киімсіз түскені анықталды. Соған байланысты төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырды.

Жаңалықтар
0