Қоғам

Қазақстандық блогердің қан-жоса болып көшеде жүрген видеосы тарады

© Photo : PexelsFacebook рассказала о новых мерах борьбы с фейковыми видео
Facebook рассказала о новых мерах борьбы с фейковыми видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2021
Жазылу
Қазақстандық блогер әрі актер әлеуметтік желіде видео жариялап, өзін Ақтауда соққыға жыққанын айтты

АЛМАТЫ, 4 мамыр – Sputnik. Блогер әрі актер Ақтауда теңіз жағасында жүрген видеосын жариялады. Ол жерде ер адам өзін белгісіз біреулердің соққыға жыққанын айтады, деп хабарлады Lada.kz. Видеода ол қанжоса болып қала ішінде жүр. Оның сөзінше, видео төбелестен кейін түсірілген.

"Ақтаулық жігіттер сырға таққаным туралы сұрай бастады. Мен оларға ештеңе істеген жоқпын, артық ештеңе айтқан жоқпын. Не істерімді білмей тұрмын", - дейді жігіт видеода.

Кейінірек блогер бұл оның болашақ жобасы үшін түсірілген қойылым екенін түсіндірді.

"Менде бәрі жақсы, бұл жай ғана менің жаңа жобам үшін жасалған образ. Оны да келешекте көресіздер. Ал ақтаулық жігіттерге келер болсақ, олар ең қонақжай адамдардың бірі, оларға көп рахмет. Бұл қалаға, Ақтау тұрғындарына ризамын, сіздерге көп рахмет", - деді ол әлеуметтік желідегі жазылушыларына.

Жаңалықтар
0