Экономика

Қазақстандықтар темекіге қанша қаражат жұмсайды

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуПепельница и окурок
Пепельница и окурок - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2021
Жазылу
2020 жылдың төртінші тоқсанында орта есеппен елдің әрбір тұрғыны 2,9 мың теңгеге (6,7 доллар) темекі өнімдерін сатып алған

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір — Sputnik. Бір жыл ішінде Қазақстанда темекі өнімдерінің өндірісі 25%-ке артып, баға 16%-ке қымбаттады.

Energyprom.kz зерттеуіндегі мәліметке сәйкес, 2021 жылдың қаңтар-наурызында темекі мен басқа да темекі бұйымдарының өндірісі 3,1 миллиард данаға жеткен. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 22,5%-ке көп.  Өткен жылдың дәл осы кезеңінде 2,6 миллиард темекі өнімі шығарылған.

Жалпы 2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында өндіріс 16,8 миллард темекі өніміне дейін қысқарған.

2021 жылдың екі айының қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар темекі мен папиросқа деген сұранысты 77,7%-ке қамтамасыз еткен. Өткен жылғы көрсеткіш – 63,7%.

Қазақстандықтар темекіге қанша қаражат жұмсайды

Қазақстан халқының темекіге жұмсаған қаражат көлемі артып келеді. 2020 жылдың төртінші тоқсанында елдің әрбір тұрғыны 2,9 мың теңгеге темекі өнімдерін сатып алған. Өткен жылы бұл шығын 2,5 мың теңгені құраған.

Оқи отырыңыз: Депутат: темекі акцизінен түсіп жатқан ақша қайда кетіп жатыр

Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының тұрғындары темекіге көп шығынданса, Маңғыстау облысының тұрғындары темекіні ең аз сатып алғандар тізімінде көш бастап тұр.

Темекі қанша теңгеге қымбаттады

Наурыз қорытындысы бойынша темекі өнімдері бір жыл ішінде 16,2%-ке қымбаттаған. Алдыңғы жылғы бағаға қарағанда 11,4%-ке өскен.

Оның ішінде Батыс Қазақстан, Жамбыл және Павлодар облысында темекі қатты қымбаттаса, Қостанайдағы баға ең төменгі деңгейде болған.

2020 жылдың қорытындысы бойынша темекі бұйымдарының көлеңкелі айналымы 15 миллиард теңгеден асты. Нарықтағы ашықтыққа цифрлық маркалау оң ықпал етеді. Жаңа ереже өткен жылдың күзінде қабылданды. Алайда кейбір сатушылар техникалық проблемалар жайында мәлімдеді. Жаңа ережелер қолданысқа енген жарты жылдың ішінде Қазақстанда шамамен 600 миллион қорап темекі маркаланды.

Жыл басынан бері Қазақстанға қанша темекі импортталды

Жыл басынан бері елге 589,9 миллион темекі мен папирос әкелінген. Бұл 2020 жылдың қаңтар-ақпанындағы көрсеткіштен 25%-ке аз. 459,1 миллион темекі экспортқа шығарылған. Ішкі нарықта 2,2 миллиард темекі сатылған. Бір жыл ішіндегі өсім – 33,9%.

2020 жылы Қазақстанда 161,3 мың адам көз жұмды. Соның ішінде тыныс алу органдарының ауруынан қайтыс болғандар саны 23 мың адамды құрады. Бұл бір жыл бұрынғы деңгейден 41,6%-ке көп. Мұндай өсімге коронавирус пандемиясы да әсер етті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, темекі шегу өкпенің жұмысына кедергі келтіріп, ағзаның коронавирусты инфекция және басқа да респираторлы аурулармен күресуін қиындатады.

Жаңалықтар
0