Қоғам

"Мүмкіндікті қалт жібермедім": қазақстандық оқушы NASA-да іс-тәжірибеден өтті

© Photo : Онлайн-версия газеты "Вечерняя Астана"Тоқтар Әубәкіров пен Ерасыл Тәуекел
Тоқтар Әубәкіров пен Ерасыл Тәуекел - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2021
Жазылу
Линдон Джонсон атындағы Ғарыш орталығындағы іс-тәжірибе барысында NASA ғалымдары мен инженерлерінің және зерттеушілерінің дәрістері қарастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. Он алты жастағы астаналық Ерасыл Тәуекел NASA-да іс-тәжірибеден өтті. Жасөспірім "Назарбаев зияткерлік мектебінде" оныншы сыныпта оқиды. Ол ғылыми-зерттеу жобаларының әзірлемесімен айналысады және зымыран құрастырумен әуестенеді, деп жазады "Вечерняя Астана" басылымы.

Ерасыл бала кезінен ғарыш саласына қызығушылық танытып, зымыран құрастыру үйірмелеріне қатысқан. Ол жетінші сыныпта оқып жүрген шақта ғарыш тақырыбына арналған "Наурыздағы кездесулер–2019" ғылыми жобалардың ұлттық конкурсында бірінші орын иеленген. Мектеп оқушысы модельді зымырандарға арналған толық автоматтандырылған іске қосу қондырғысын құрастырған.

Ал Байқоңыр ғарыш айлағына сапар кезінде Ерасыл ЕКА мен Роскосмос делегациясының алдында өз жобасын қорғаған. Сондай-ақ, ол өз жұмысын қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовке таныстырған. 

© Photo : Онлайн-версия газеты "Вечерняя Астана"Ерасыл Тәуекел өз жұмысын қазақстандық ғарышкерлер Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетовке таныстырып тұрған сәт
Мүмкіндікті қалт жібермедім: қазақстандық оқушы NASA-да іс-тәжірибеден өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2021
Ерасыл Тәуекел өз жұмысын қазақстандық ғарышкерлер Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетовке таныстырып тұрған сәт

Тоғызыншы сыныпта Ерасыл ММУ және РҒА жанындағы Мәскеудегі "Болашақтың ғалымдары–2019" және Intel BalticSEF-2020 халықаралық конкурсының жүлдесін иеленген. Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі конкурстарда мектеп оқушыларына арналған АҚШ-тағы Regeneron ISEF дүниежүзілік ғылыми конкурсқа қатысатын ұлттық команданың іріктеуінен өткен. Ол елде дарынды оқушы Илон Масктың Falcon зымыран тасымалдағыштарына ұқсас зымыранның прототипін әзірлеген. Осылайша Ерасыл NASA United Space School мектебінде Қазақстан өкілі атанды.

Ғарыш саласындағы білімді насихаттаумен айналысатын осы бағдарлама аясында Линдон Джонсон атындағы ғарыш орталығында іс-тәжірибеден өту қарастырылған. Ол америкалық Ұшуларды басқару орталығы орналасқан NASA-ның басты ғарыш орталығы саналады. Бұл орталық Хьюстон қаласында орналасқан.

"NASA-дағы іс-тәжірибе әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған оқушылар үшін заманауи ғарыш саласымен жақын танысуға мүмкіндік ұсынады. Сондықтан өз өтінішімді жолдадым. Мен бұл мүмкіндікті қалт жібере алмадым", – дейді Ерасыл.

Ол үшін физика және математика бойынша бірнеше тапсырманы орындау қажет болған. Ол тапсырмалар ғарыш саласындағы ғаламшар геологиясы мен ядролық қозғалыс құрылысын қамтыды.

"Барлық үміткерлердің академиялық білімі мен ғарыш саласындағы жетістіктерін тексерді. Ағылшын тілін жақсы білу де маңызды болды", – деді оқушы.

Іс-тәжірибе онлайн-форматта екі аптаға созылған.

"Шикізат өндіру мақсатында астероидтарда миссиялар әзірлеу негізгі мақсат болды. Қатысушылар командаларға бөлінді. Менің командамда Үндістан, Австралия мен Жаңа Зеландия оқушылары болды. Күн сайын түрлі тақырыпта 2-3 дәріс өтті. Әрқайсысы кемінде бір сағатқа созылған дәрістерді NASA ғалымдары, инженерлер мен зерттеушілері оқыды. Мен тіпті америкалық астронавтар Билл МакАртур, Сунита Уильямс және Майкл Бэйкермен сөйлесе алдым", – дейді Ерасыл Тәуекел.

Оқи отырыңыз: Жердің ғарыш станциясынан түсірілген таңғажайып көрінісі – фото

Ерасыл әркез жаңашылдыққа ұмтылып, мүмкіндіктерді қалт жібермеуге тырысатынын айтады. Оның ойынша, осылай ғана үлкен биіктерді бағындыруға болады.

Жаңалықтар
0