Өңірлер

Эвакуациялау оңай болған жоқ: Өскеменде көп қабатты үйдің тұрғындары уланды

CC0 / dimitrisvetsikas1969 / Жәндіктерді улау
Жәндіктерді улау - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2021
Жазылу
Дәмхана директорының айтуынша, дәрілеу процесін лицензиясы бар ұйымның мердігер мекемесі жүргізген

НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Өскемен қаласындағы дәмханалардың бірінде жүргізілген тарақандарды улау процесінен тұрғындар зардап шекті, деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".

Оқиға 13 наурыздан 14 наурызға қараған түні болған. Уланып қала жаздаған тұрғындар зиянкестермен күрес туралы ешбір ескертусіз, түнгі мезгілде жүргізілгенін түсінбей дал.

"Әйелімнің аяғы ауыр болғандықтан, оны үйден алып кетуге тура келді. Ал біз төмен түсіп бара жатқанда көршімнің жағдайы өте нашар екенін байқадым. Кіреберістегі өткір иіс салдарынан оны бесінші қабаттан эвакуациялау оңай болған жоқ", – дейді тұрғындардың бірі.

Оқиға орнына дәрігерлер мен құтқарушылар және өрт сөндірушілер келіп, тұншығып, уланған адамдарды эвакуациялады.

Ал дәмхана директорының айтуынша, дәрілеуді лицензиясы бар ұйымның мердігер мекемесі жүргізген.

Оқи отырыңыз: Көкшетауда мектепті белгісіз дерт жайлады: директор дабыл қақты

Қазіргі кезде бұл іске Өскемен қаласының полицейлері де араласты.

"Аталған факті бойынша материалдар жиналып, қосымша тергеу үшін Өскемен қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберіледі", – делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратында.

Жаңалықтар
0