Қоғам

Мамандар Алматы дәріханаларында кейбір дәрілердің болмауын түсіндірді

© Sputnik / Абзал КалиевДәріхана
Дәріхана - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2021
Жазылу
Дурманованың айтуынша, дәрігер науқасқа дәрі жазған кезде оның халықаралық патенттелмеген атауын айтып, сатылымдағы атын жазбайды

АЛМАТЫ, 11 наурыз – Sputnik. Мамандар қалада кей дәрінің дәріханаларда жоқ екені туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айта кетейік, бұған дейін қала дәріханаларында жүрек-қан тамырлары аурулары және тыныс алу жолдарының қабынуы кезінде қолданылатын ең қажетті дәрілердің бірнеше айдан бері дәріханаларға жеткізілмегені хабарланды.

Almaty Finance басқармасының төрағасы Тимур Хаировтың айтуынша, тұрақтандыру қорында жүрек-қан тамырлары ауруларына арналған 8 түрлі дәрі бар.

"Тұрақтандыру қорының қоймаларында қазір 150 және 75 миллиграмм мөлшеріндегі 92 мыңнан астам "Кардиомагнил" қаптамасы бар. Сондай-ақ, дәріханаларда "Тромбопол Neo", "АС-тромбин", "Тромбо АСС" секілді дәрі-дәрмектер сатылады. Демек, қала дәріханаларынан дәл сондай әсер ететін алмастырғыш дәріні сатып алуға болады. Алматы дәріханаларында жүрек-қан тамырлары ауруларына қажетті дәрілер жоқ деген ақпарат шындыққа жанаспайды", – деді ол.

Ал "Inkar" ЖШС жеткізу бөлімінің басшысы Бибінұр Сардарбекованың айтуынша, "Кардиомагнил" бағасының өзгеруіне байланысты мәселе дәріханаларда жоқ.

"Алайда қоймаларда дәріні алмастыратын басқа дәрілер бар. Өндіруші сатылым бағасына қатысты мәселені шешіп жатыр. Ал оның орнына "Тромбопол" және "Тромбо АСС" дәрісінің мөлшері жеткілікті және сатылымда бар. "Кардиомагнил" дәрісіне қатысты мәселе жақын арада шешіледі деп үміттенеміз", – деді ол.

Оқи отырыңыз: Коронавирустан кейін денсаулығы нашарлағандарға тегін дәрі беріле ме?

Қазақстан Республикасы фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті Марина Дурманованың айтуынша, дәрігер науқасқа дәрі жазған кезде оның халықаралық патенттелмеген атауын айтады, алайда сатылымдағы атын жазбайды. Кей жағдайда ғана рецептке дәрінің нақты аты жазылады. Мысалы, "Кардиомагнил" туралы айтатын болса, ол ацетилсалицил қышқылы деп жазу керек.

Жаңалықтар
0