Өңірлер

Түркістан облысында шетелдіктерді шекарадан заңсыз өткізгендер ұсталды

© Sputnik / Виктор Толочко / Медиабанкке өтуПограничная вышка, архивное фото
Пограничная вышка, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2021
Жазылу
Өзбекстан азаматын шекарадан заңсыз өткізбек болған екі қазақстандық қылмыс үстінде ұсталды. Тергеу жалғасып жатыр

АЛМАТЫ, 10 наурыз – Sputnik. Түркістан облысындағы Келес ауданының тұрғыны Өзбекстаннан заңсыз келушілерге шекарадан өтуге көмектесетін адамдар бар екенін айтып, полицияға шағымданды, деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Келес ауданының 2 тұрғыны Өзбекстан азаматын шекарадан өткізбек болған жерінен ұсталды.

Тінту барысында олардан 20 мың теңге табылды. Оны шетелдік азамат көрсеткен "көмегі" үшін берген.

Қырғызстан азаматтары Қазақстанға заңсыз өтпек болды 

Шекарадан заңсыз өткен Өзбекстан азаматына қатысты қылмыстық кодекстің 392-бабы ("Қазақстан Республикасының шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Оған көмектескен екі қазақстандыққа Қылмыстық кодекстің 394-бабы ("Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

"Бұл заңсыз әрекетке байланысты полиция қызметкерлері күдіктілердің ұйымдасқан түрде қылмыс жасағанын сеніммен айта алады. Заң бұзушылардың әрқайсысы өзіне жүктелген міндеттерді орындаған", - делінген полиция хабарламасында.

Тергеу мәліметтері бойынша күдіктінің бірі шекарадан заңсыз өткісі келетін адамды тапқан, екіншісі шекарадан өткізіп отырған.

Полицейлер істің мән-жайын және күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Жаңалықтар
0