Өңірлер

Петропавлда 100-ден астам бейнебақылау камерасы іске қосылды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуБейнебақылау камералары
Бейнебақылау камералары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Бейнебақылау жүйелері белгіленбеген жерге қоқыс тастайтын және қоғамдық тәртіпті бұзатын вандалдар және бұзақылармен күресуге көмектеседі

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Петропавлда қоқыс алаңдары мен автомобиль тұрақтарына және автобус аялдамаларына бейнебақылау камералары орнатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әкімдіктің мәліметінше, қала бойынша барлығы 120 камера орнатылған.

"Бұл камералар бұзақылық әрекеттердің алдын алу үшін орнатылды. Яғни, қоқысты арнайы белгіленбеген орындарға тастайтындарды анықтауға көмектеседі. Бақылау камералары IKOMEK-109 қызметімен байланыстырылған және жазбалар апта бойы базада сақталады", – делінген хабарламада.

Айталық, жуырда ғана аялдамадағы шыны әйнекті сындырған бұзақылар жаңа камералардың көмегімен табылған.

Сол сияқты вандализм фактісі туралы әрекеттер де осы құрылғылардың көмегімен анықталған. Алкогольдік ішімдік ішкен азаматтар үш автобус павильонының витражын шағып тастаған. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметі бойынша, олардың әрқайсысының құны 440 мың теңгеден асып түседі.

Оқи отырыңыз: Астанада бақылау камерасы мен куәгерлердің арқасында тонаушылар қолға түсті

Қазіргі кезде күдікті ретінде колледждің екі студенті мен олардың кәмелет жасқа толмаған досы ұсталды.

Жаңалықтар
0