Өңірлер

ШҚО-да оқушылар мен студенттер үшін сабақ болмайды

© Sputnik / Абзал КалиевНоутбук пен балалар
Ноутбук пен балалар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Семей қаласы мен өңірдегі бірқатар елді мекендерде ауаның температурасы 35 градусқа дейін түсіп кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Шығыс Қазақтанда бірнеше қала мен аудандарда қатты аязға байланысты бірінші ауысымдағы сабақтарды өткізбеуге шешім қабылданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан аймақтық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

"Сыртқы ауа температурасының төмендеуіне байланысты 25 қаңтар күні Семей, Риддер мен Курчатов қаласында, сондай-ақ, Глубокое, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Ұлан мен Шемонаиха аудандарында бірінші аусымдағы мектептің 0-11 сыныптары және колледждің I-II курстары үшін сабақ болмайды", – делінген ресми хабарламада.

Бұдан бөлек, Өскемен қаласы мен Аягөз ауданында 0-9 сыныптар мектепке бармайды. Алтай ауданында 0-4 сынып оқушылары үйде отырады.

Бұған дейін синоптиктер Солтүстік Қазақстан мен Павлодар, Қостанай облысының солтүстік аймағы және Шығыс Қазақстан облысында қатты аяз болатынын хабарлаған.

Айта кетейік, үшінші тоқсанда республика бойынша дәстүрлі форматта білім алып жүрген оқушылардың саны 42 процентке жетті. Атап айтқанда, 1-7 сыныптар мен 300-ге дейін оқушысы бар мектептерге 9-12 сыныптар қосылды.

Оқи отырыңыз: "Оқушылар жарытып білім алмады": депутат дәстүрлі форматқа көшуді талап етті

Білім алушылардың барлығы да штаттық форматта оқиды. Бірақ пәндердің 70 проценті – штаттық режимде, ал 30 проценті қашықтан оқыту форматына ауысады.

Жаңалықтар
0