АЛМАТЫ, 18 қаңтар — Sputnik. Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жалған шот-фактуралар жазу бойынша заңсыз қызметпен айналысқан топты әшкереледі.
"Тергеу барысында 7 адамнан тұратын топ жалған келісімшарттар жасау және шығындарды жасанды көбейту арқылы бюджетке салық төлеуден жалтарғаны анықталды. Олар салық төлеушілер-контрагенттерге көмектесу мақсатында бақылауда ұстаған 13 кәсіпорын құрған", - деді Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті.
Қылмыстық іс-әрекеттен келген жалпы залал 700 миллион теңгеден асады.
Алты күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат, бір күдіктіге қатысты үйқамақ түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.