Өңірлер

Алматыда 1955 жылы салынған Жазушылар үйі жөнделді

© Sputnik / Абзал КалиевКнижная полка
Книжная полка - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Классицизм стилінде бой көтерген ғимарат пен оның интерьерінің сәулеттік келбетін сақтап қалуға баса назар аударылды

АЛМАТЫ, 30 желтоқсан – Sputnik. Алматыда Жазушылар үйінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында хабаралды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)

Айтуынша, ғимараттың шатыры, электрмен жабдықтау және жылыту жүйелері ауыстырылып, ішкі әрлеу жаңартылды.

"Классицизм стилінде бой көтерген ғимарат пен оның интерьерінің сәулеттік келбетін сақтап қалуға баса назар аударылды. Бұл әдебиет ордасында бір кездері еңбек еткен Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Олжас Сүлейменов сынды ұлылардың атмосферасын сақтап қалу үшін қажет еді", - деп жазды Сағынтаев.

Айта кетейік, бұл ғимарат 1955 жылы бой көтерген. Өткен жылы одақ мүшелері көптен бері жөндеу жұмыстары жүргізілмегенін айтқан болатын.

Сонымен қатар қала әкімі ақын-жазушыларды қолдау үшін Жазушылар одағының ұсынысымен авторлардың 30 кітабын шығаруға қаражат бөлінді. Кітап қаладағы және мектеп кітапханаларының қорын толықтырады. Бұл бастама 2021 жылы да жалғасады.

Жаңалықтар
0