Қоғам

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 11 адам қайтыс болды

© Sputnik / Абзал КалиевКарагандинский фармацевтический комплекс
Карагандинский фармацевтический комплекс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жалпы науқастардың арасында 252 адамның жағдайы ауыр, 49 науқас аса ауыр жағдайда жатыр

АЛМАТЫ, 29 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан сегіз адам, пневмониядан үш адам қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

29 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 22 322 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 5 104 пациент стационарда, 17 218 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Жалпы науқастардың арасында 252 адамның жағдайы ауыр, 49 науқас аса ауыр жағдайда жатыр. 44 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Айта кетейік, өткен тәулікте 739 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 18 адам пневмонияға шалдықты.
Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандардың жалпы саны 2 267 адамға жетті, пневмониядан 493 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0