НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан — Sputnik. Жаңа жылда астанада мерекелік отшашу болмайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жаңа жыл мерекесін ескере отырып, тұрғындарға санитарлық нормалар мен әлеуметтік қашықтықты сақтауға кеңес береміз. Сондай-ақ, міндетті түрде бетперде тағу керек. Мерекенің соңы ауруханада аяқталмауы тиіс деп есептейміз", - деді әкімдікте.
Ұзақ уақыт бойы коронавируспен күресте алдыңғы қатарда жүрген медицина қызметкерлерінің жүктемесін тым арттыруға болмайды.
Бұған дейін елордада Тұңғыш президент күні мен Тәуелсіздік күніне орай мерекелік отшашу болған жоқ.
Алматы мен Қызылорда да жаңа жылдық отшашу болмайтыны хабарланды.