Әлем

Серуенге шыққан ер адам күтпеген жерден мол байлыққа кенелді

CC0 / CC0 / pixabay.com / Ер адам
Ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Аяқ астынан байып шыққан бақытты жан – Ұлыбритания тұрғыны. Ер адамның тауып алған қазынасы 800 мың фунт стерлингке бағаланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. Ұлыбритания тұрғыны серуендеп жүріп құны 800 мың фунт стерлингті (456 миллион теңге) құрайтын қазына тауып алды, деп хабарлайды Daily Mail  мамандандырылған Treasure Hunting басылымына сілтеме жасап.

Басылымның ақпаратынша, ер адам құстарды бақылау үшін далаға шыққан. Бір кезде батпақтың арасынан "көне дискіге" ұқсас ерекше жылтыраған затқа көзі түседі. Ол кельт қазынасына толы құмыра болып шыққан. Британиялық оны металл іздеушінің көмегімен тапты.

"Бұл сәтті мен өмір бойы ұмытпаймын",- деді ер адам.

Құмыраның ішінен шамамен біздің дәуірдің 40-50 жылдары жасалған мыңға жуық монета табылды.

Қазір сарапшылар қазынаны тексеріп жатыр. Мамандардың бағалауынан кейін ер адам монеталарды музейге сата алады немесе өз қалауына қарай пайдалана алады.

Жаңалықтар
0