Қоғам

Алматы мен астанада COVID-19 жұқтырғандар саны артты

© REUTERS / ISSEI KATOМедики в масках возле больницы
Медики в масках возле больницы  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Шығыс Қазақстан облысында ел бойынша бір тәулікте індетке шалдыққандар саны көп

НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 754 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 118
  • Алматы қаласы - 90
  • Шымкент қаласы - 7
  • Ақмола облысы - 57
  • Ақтөбе облысы - 4
  • Алматы облысы - 60
  • Атырау облысы - 59
  • Шығыс Қазақстан облысы - 66
  • Жамбыл облысы - 15
  • Батыс Қазақстан облысы - 27
  • Қарағанды облысы - 35
  • Қостанай облысы - 65
  • Қызылорда облысы - 2
  • Маңғыстау облысы - 18
  • Павлодар облысы - 60
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 63
  • Түркістан облысы - 8

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 149 462.

Еске сала кетсек, бір тәулік бұрын коронавирус жұқтырғандардың ең көбі Алматы тіркелді. Сондықтан мегаполис "сары" аймаққа енген болатын.

Бұған дейін "сары" аймақта  астана мен Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстары болған еді. Алматы да осы тізімге енді. Қалада карантин шаралары сақталып, олардың орындалуын бақылау күшейеді.

Қазіргі уақытта "қызыл" аймақта тек Атырау облысы тұр. Өзге өңірлердегі жағдай тұрақты, алдағы уақытта шектеу шаралары біртіндеп алынуы мүмкін.

Жаңалықтар
0