Өңірлер

Алматы коронавирустың "сары" аймағына кірді

© Sputnik / Тимур БатыршинСильный снегопад в Алматы
Сильный снегопад в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандардың ең көбі Алматы тіркелді. Сондықтан мегаполис "сары" аймаққа еніп отыр

 АЛМАТЫ, 23 желтоқсан — Sputnik. Алматыда өткен тәулікте COVID-19-ға шалдыққандар саны 88 адамға артты. Ал вирус жұқтырғандардың жалпы саны - 17 700 адам. Мегаполис "жасыл" аймақтан тағы да шығып кетті.

Бұған дейін "сары" аймақта  астана мен Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстары болған еді. 

Алматы да осы тізімге енді. Қалада карантин шаралары сақталып, олардың орындалуын бақылау күшейеді.

Қазіргі уақытта "қызыл" аймақта тек Атырау облысы тұр.

Өзге өңірлердегі жағдай тұрақты, алдағы уақытта шектеу шаралары біртіндеп алынуы мүмкін.

Пандемия басталғалы Қазақстанда 148 708 адам індетке шалдықты, 2 209 науқас көз жұмды.

Сондай-ақ, тамыз айынан бері коронавирустық пневмония белгісі бар 44 795 адам анықталды, 481-і қайтыс болды.

Жаңалықтар
0