Қоғам

Өткен тәулікте коронавирустан 9 адам қайтыс болды

© Sputnik / Владислав ВодневВрач в палате отделения реанимации в больнице с коронавирусом в Нур-Султане
Врач в палате отделения реанимации в больнице с коронавирусом в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір 13 986 адам коронавирустан ем қабылдап жатыр, арасында 1 003 бала бар. 231 адамның жағдайы ауыр

АЛМАТЫ, 2 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда бір тәулікте тоғыз адам коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Министрліктің хабарлауынша, өткен тәулікте 729 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Қазір 13 986 адам коронавирустан ем қабылдап жатыр, арасында 1 003 бала бар.  Стационарларға 3 747 науқас түскен, оның ішінде 231 адамның жағдайы ауыр, 33 адам аса ауыр жағдайда жатыр.  

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирус індетіне қатысты жаңа мәлімет жарияланды 

38 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған. Амбулаториялық жағдайда 10 239 адам ем қабылдауда.

Пандемия басталғалы 2 105 адам коронавирустан қайтыс болды.

Ал бір тәулікте 215 адам пневмонияға шалдықты, бірінші тамыздан бастап 456 адам пневмониядан көз жұмды.

Жаңалықтар
0