Әлем

Таулы Қарабақтағы бейбітшілік: кім не үшін күресті?

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуВооруженные мужчины в селе Чанахчи в Нагорном Карабахе
Вооруженные мужчины в селе Чанахчи в Нагорном Карабахе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
9 қарашадан 10 қарашаға қараған түні Таулы Қарабақта болған оқиғалар ұзақ уақыт бойы саяси және әскери сарапшылардың мұқият бақылауында болары анық

Бір күннің ішінде соғыс аяқталып, бейбітшілік орнады. Ал әскери фронттың алдыңғы шебіне Ресей әскери контингенті орналастырылды. Алдымен, кешке таман Армения-Әзербайжан шекарасында Ресей әскери тікұшағы атып түсірілді, экипаждың екі мүшесі қайтыс болды деген хабар келді. Бұл жағдайдың күрт өзгеруіне себеп болуы мүмкін, деп жазады РИА Новости.

Баку күтпеген қайғылы жағдай орын алғанын мойындай отырып, бұл оқиғаға қатысты жауапкершілікті өз мойнына алды. Ал Ильхам Алиев Владимир Путинге кешірім сұрап, телефон соқты.

Кейін Ресей президенті арнайы үндеу жасап, Таулы Қарабақтағы қақтығысты толықтай тоқтату туралы үшжақты мәлімдемеге жоғары деңгейде қол қойылғанын және бұл аймаққа Ресейдің бітімгершілік контингентінің орналастырылғанын жариялады.

Қарабақтағы бітімгершілік: Әзербайжан, Армения және Ресей қандай келісімге келді? - Sputnik Қазақстан
Видео
Қарабақтағы бітімгершілік: Әзербайжан, Армения және Ресей қандай келісімге келді?
Таңертең бортында ресейлік бітімгершілік күштері бар Ил-76 ұшақтары Ульянов-Восточный аэродромынан әуеге көтерілді.

Ереванда бұл келісімге қол қойылғаннан кейін лезде тәртіпсіздіктер басталды. Наразылық танытушылар үкімет пен парламент ғимаратына баса-көктеп кіріп, ұлттық жиналыс спикерін қатты соққыға жықты. Оппозиция құжатқа қол қойған Армения премьер-министрі Никол Пашинянды ұлтқа сатқындық жасады деп айыптап отыр.

Ереван оппозициясының ашу-ызасы және олардың қол қойылған келісімнен шығу туралы талаптары түсінікті. Өйткені бұл құжат армян тарапының жеңілгенін және оның мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасы аумағының едәуір бөлігін жоғалтқанын білдіреді.

Бірақ Армения үшін бұдан басқа жол табылмады. Тіпті бұдан да нашар сценарий орын алуы мүмкін еді – ол әскери апат. Мойындалмаған Таулы Қарабақ президенті Араик Арутюнян:

"Егер ұрыс қимылдары осы қарқынмен жалғасатын болса, біз бірнеше күннің ішінде тұтас Арцахтан айрылып қалатын едік", – деп мәлімдеді.

Бұл мәлімдемесімен ол Ильхам Әлиев айтқандай, 7 қарашада Армения әскерлерінің стратегиялық маңызы бар Шуши қаласына бақылау жүргізу мүмкіндігінен айрылып қалғанын да мойындады.

Дегенмен бұл жерде олар республика үшін ең күрделі мәселені шешудің түбегейлі сатысына келгенде соғысты тоқтатып, Бакуде келісімге қол қоюға не үшін келісті, деген заңды сауал туындайды.

Әзербайжан президенті өз елінің ұлттық қаһарманына айналды, бірақ ол жерде де ұлттық мүдделерге сатқындық жасау туралы ара-тұра наразылықтар (Еревандағыдай қатты болмаса да) естіліп қалады.

Әрине, Ильхам Әлиев шешім қабылдау кезінде тәжірибелі мемлекет қайраткері ретінде әрекет етті.

Мысалы, бірнеше апта бұрын ол Қарабақта тұратын армяндардың қауіпсіздігі мен құқықтарының сақталуына кепілдік берді. Алайда, ол бұл уәдесін орындай алар ма екен?  Себебі, екі халықтың қарым-қатынасының қаншалықты шиеленіске толы екенін тарих парақтарынан байқауға болады. Оның үстіне, Әзербайжан көшбасшысы армяндардың кезекті мәрте қырғынға ұшырауына қатысты жауапкершілікті өз мойнына алғысы келмейді.

Өз кезегінде Мәскеу Баку шешіміне әсер еттетіндей дәлелдерді табуы мүмкін. Әзербайжан президенті қабылдаған шешімге түрік факторы да айқын әсер еткені анық.

Здание министерства иностранных дел РК В Астане - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қазақстан Таулы Қарабақ қақтығысы жөнінде ресми мәлімдеме жасады  
Әзербайжанның әскери жетістікке жетуінде Түркияның қолдауы үлкен рөл атқарды. Бірақ бұл жерде кез келген дүниенің өз құны бар екенін ұмытпаған жөн. Дегенмен Әлиев әрдайым аймақтағы негізгі орталық күштерінің (яғни Ресей, Түркия және Иран) арасындағы тепе-теңдікті және сол арқылы өз елінің егемендігін сақтауға ұмтылғанымен, Әзербайжанды Анкараның қуыршағына айналдыруға әсте мүдделі емес.

Соғыс әрекеттерін тоқтату процесі және қол қойылған келісім Әзербайжанға осы және басқа да қолайсыз әрі қауіпті мәселелерді түбегейлі түрде жауып тастауға мүмкіндік береді. Ильхам Әлиев Анкараға ресми ишарат жасап, Қарабақта түрік бітімгерлерінің болғанын мәлімдеді, бірақ қол қойылған құжатта Түркия туралы мүлдем айтылмайды.

Бұл ретте, керісінше атып түсірілген ресейлік тікұшақ мәселесі алдыңғы шепке шықты.

Әзербайжанда келісімді бұзуға мүдделілік танытып отырған күштердің (ең алдымен түрікшіл) бар екені даусыз. Өйткені, келіссөздер үдерісі біраз уақыттан бері жалғасып келе жатқандығы және оның нәтижелеріне қатысты ақпарат тиісті орталар аясында таралғаны анық. Дегенмен Ресей билігі соңғы сәтте жасалған келісімдерден бас тартады және Қарабақтағы соғыс одан әрі жалғасады деген үмітпен ұйымдастырылған арандатушылықтың болғанын да жоққа шығаруға болмайды.

Алайда Мәскеу мен Баку өздерін тиісті дәрежеде ұстады: Әзербайжан болған оқиға үшін барлық жауапкершілікті өз мойнына алды, Ресей өз ұстамдылығын сақтады. Өкінішке қарай, Армения туралы бұлай айтуға келмес.

2018 жылы көшеге шыққан халық Никол Пашинянды мемлекеттік биліктің шыңына көтерді. Ал бүгін көшеге өз наразылығымен шыққан сол бұқара оны бөлшектеп тастауға да дайын еді. Өйткені олар елді Еуропаға бастауды мақсат тұтып жүрген прогрессивті көшбасшының кенеттен басқа шешім қабылдағанын қабылдағысы келмеді және Пашинянның әскери салада жүргізген саясаты Арменияның жеңілісіне алып келгеніне толықтай көз жеткізді.

Ал егер Армения соңғы бірнеше жылдардағы оқиғалардан сабақ алуға әлі де дайын болмаса, керісінше бұл ел көптеген басқа мемлекетке сабақ болары анық.

Жаңалықтар
0