НҰР-СҰЛТАН, 2 қараша – Sputnik. 6 қараша күні сағат 19:00-де "Астана Опера" опера және балет театрында Санкт-Петербург Музыка үйінің солистері, беделді халықаралық байқаулардың лауреаттары Арсения Сибилёва (скрипка), Александр Кашпурин (фортепиано), Дугар Цыбиковтың (гобой) концерті өтеді.

Концерт Санкт-Петербург Музыка үйінің Қазақстанда танымал "Шеберлік елшілігі" жобасы аясында өтеді, деп хабарлады Ресей ғылым және мәдениет орталығының баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтандағы концерттік бағдарламаны Санкт-Петербург Музыка үйінің көркемдік жетекшісі, Ресейдің халық әртісі Сергей Павлович Ролдугин әзірледі.
Ресейлік музыканттар Петр Чайковскийдің, Сергей Рахманиновтың, Николай Римский-Корсаковтың, Марина Дранишникованың, сондай-ақ Фредерик Шопеннің, Ференц Листің және Генрик Венявскийдің туындыларын орындайды.
Концертті Санкт-Петербург Музыка үйі, Россотрудничествоның Қазақстандағы өкілдігі және "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен және қолдауымен ұйымдастырып отыр.