Қоғам

Министрлік корей кеспесі қандай жағдайда қайта сатыла бастайтынын айтты

© Sputnik / Евгений Епанчинцев / Медиабанкке өтуЛапша
Лапша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сырттан әкелінген тауар кеден одағының талаптарына сәйкестендірілген кезде Қазақстанда қайтадан Корей кеспесін сатуға рұқсат беріледі

АЛМАТЫ, 26 қазан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті корей кеспесі Қазақстан нарығын қандай жағдайда қайтарылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстан аумағына әкелінетін өнім кеден одағының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы техникалық регламенттеріне сәйкес келуі тиіс. Сонымен қатар генетикалық түрлендірілген организмдердің (ГМО) болуы туралы таңбалау талаптары бұзылмауы керек.

"Корея Республикасының уәкілетті органдарын санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралар жүргізу туралы хабардар ету және өнім өндірушіге қатысты бақылауды күшейту, сондай-ақ өнімнің Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкестігін бақылау зерттеулерінің нәтижелері корей кеспесін әкелуге және өткізуге тыйым салуды жоюға негіз болады", - деп хабарлады ведомство.

Сонымен қатар комитет қазір республика бойынша сауда желісінде талапқа сәйкес келмейтін өнімді сатудан алып тастау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Тыйымды бұзып, корей кеспесін сатуды жалғастыратын кәсіпкерлерге әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы ("халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу") бойынша айыппұл салынады.

Айта кетейік, 14 қазаннан бастап Қазақстанда генетикалық түрлендірілген сояның көп болуына байланысты "Оттоги Рамен" компаниясының оңтүстік кореялық тез дайындалатын кеспесін әкелуге және сатуға тыйым салынды.

Сонымен қатар санитар дәрігерлер Қытайда шығарылған Better Cokies Danish Pride печеньесіне де тыйым салды.

Жаңалықтар
0