Қоғам

Өткен тәулікте 102 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

© REUTERS / STRINGERСотрудник лаборатории проводит исследования для создания вакцины от коронавируса
Сотрудник лаборатории проводит исследования для создания вакцины от коронавируса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгінге дейін республика бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар саны 109 508-ге жетті

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 102 адамда коронавирус індеті тест арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

"Коронавирус инфекциясын ең көп жұқтыру жағдайы Нұр-Сұлтан қаласы (17) мен Шығыс Қазақстан (15) және Павлодар облысында (11) анықталды", – делінген хабарламада.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 17
  • Алматы қаласы - 10
  • Шымкент қаласы - 2
  • Ақмола облысы - 5
  • Ақтөбе облысы - 1
  • Алматы облысы - 4
  • Атырау облысы - 8
  • Шығыс Қазақстан облысы - 15
  • Батыс Қазақстан облысы - 6
  • Қарағанды облысы - 9
  • Қостанай облысы - 4
  • Маңғыстау облысы - 1
  • Павлодар облысы - 11
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 9.

Айта кетейік, республика бойынша аталған індетпен ауырған адамдар саны 109 508-ге жетті.

Жаңалықтар
0