Өңірлер

Сағынтаев коронавирустың екінші толқынына дайындық туралы айтып берді

© Sputnik / Тимур БатыршинРаботники инфекционного госпиталя тщательно готовятся к встрече пациентов
Работники инфекционного госпиталя тщательно готовятся к встрече пациентов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда ашуға дайындалып жатқан медициналық мекемелерді қоса есептегенде коронавируспен күресуге 7 226 орынға арналған 32 стационар жасақталады

АЛМАТЫ, 1 қазан — Sputnik. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирустың екінші толқынына дайындық барысы туралы айтты. Екінші толқын болса, инфекциялық стационарлар қалай жұмыс істейтіні, медицина қызметкерлері тапшылығы қалай шешілетіні жайлы сөз етті.

Қала басшысының айтуынша, маусым-шілде айларындағы коронавирус жұқтыру көрсеткіші ескеріліп, бірқатар шара қабылданған. Олар денсаулық сақтау жүйесі тиімділігін арттыруға бағытталды. Жедел жәрдем қызметі мен медициналық-стационарлық көмекті күшейтуге ден қойылады.

Сондай-ақ, Сағынтаев ковидтік госпитальдерде төсек орын саны арттырылып жатқанын жеткізді. Алматыда ашуға дайындалып жатқан медициналық мекемелерді қоса есептегенде коронавируспен күресуге 32 стационар жасақталады, 7 226 орынға арналған.

"Бұған дейін жоспарланғандай қазанда бір мың орынға шақталған жаңа медициналық мекемелер ашылады. Жеке инвестициялар есебінен 215 орынға арналған екі толыққанды ковидтік клиника құрылады", - деді Сағынтаев.

Алматыда коронавирустың екінші толқыны болған жағдайда бес мыңнан астам медицина қызметкері резервте тұр. Сондай-ақ, медицина оқу орындарының интерн-дәрігерлері, оқытушылар мен резиденттердің те резерві жасақталды. Жаңа клиникаларды маманмен қамту үшін кадрлық ресурсты жоспарлау жұмысы жүріп жатыр.

Жаңалықтар
0