Қоғам

Алматы облысында ұялы телефон оқушы қыздың өліміне себепші болды

© Sputnik / Владислав ВодневМобильный телефон в руке, архивное фото
Мобильный телефон в руке, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдын ала мәліметке сәйкес, 15 жасар қыз тоққа түсіп ажал құшты, полиция адам өліміне байланысты іс қозғады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысында 15 жастағы оқушы қыздың өліміне қатысты тергеу шаралары басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында болған. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, жер үйлердің бірінде тұратын оқушы қыз қуаттау құрылғысына қосылған ұялы телефон арқылы тоққа түскен. Облыстық полиция департаменті кәмелеттік жасқа толмаған қыздың қайтыс болғанын растады.

"Шынымен де, осы оқиға қыркүйектің 26-сынан 27-сіне қараған түні сағат 22:00-де Қарғалы ауылындағы үйлердің бірінде болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, кәмелетке толмаған қыз тоққа түсіп ажал құшты. Бүгінде адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды", - дейді полицейлер.  

Құқық қорғаушылар оқушы қыздың телефоны зарядта тұрғанын да анықтады. Сол арқылы тоққа түсуі мүмкін.

Айта кетейік, тура осындай жағдай Алматы облысының Қаратал ауданында болған еді. Жаспөспірім қыз қуаттау құрылғысына қосылған телефон арқылы тоққа түсіп, көз жұмды.

Жаңалықтар
0