НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 62 жағдайы тіркелді. Бұл туралы COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
"Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 62 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, республика бойынша 40 адам емделіп шықты.
Айта кетейік, 1 тамыздан бері Қазақстанда 31 148 адам аталған індетке шалдықты. 344 өлім жағдайы тіркелді. Ал жазылып шыққандардың саны 26 709 жетті.