Экономика

Қазақстандықтардың зейнетақы шотында қанша теңге жиналды

© Sputnik / Владислав ВодневТенге, деньги
Тенге, деньги - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бір жыл ішіндегі инвестициялық табысы 752 миллиард теңгеден асты

АЛМАТЫ, 25 тамыз – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы салымшыларының зейнетақы жинақтары 12 триллион теңгеден асты.

Зейнетақы қорының баспасөз қызметі бір жыл ішінде (2019 жылдың 1 тамызынан 2020 жылдың 1 тамызына дейін) зейнетақы жинақтарының соммасы 1,9  триллион теңгеге артып, яғни 19%-ке өскенін хабарлады.

"Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасты, оның мөлшері 11,8 триллион теңге (жыл басынан бергі өсім – 12%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 287,8 миллиард теңге (өсім 17%), ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,1 миллиард теңгеге (өсім 9%) жетті", – делінген хабарламада.

Бір жыл ішінде БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 1,2 миллионнан астам бірлікке артты. 2019 жылдың бірінші тамызындағы ақпарат бойынша, қорда 10,5 миллион жеке зейнетақы шоты болса, 2020 жылдың бірінші тамызында шот саны 11,7 миллионнан асып түсті. Осылайша, бір жыл ішіндегі өсім 11%-ті құрады.

Шоттардың басым бөлігі міндетті зейнетақы жарналары бойынша ашылған, олардың саны он бір миллионнан асады, дәлірек айтсақ 11 132 300 шот (жыл басынан бергі өсім – 10%).

Одан кейін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған шоттар саны – 518 294 (өсім – 2%). Ерікті зейнетақы жарналарының саны да біртіндеп көбейіп келеді, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мұндай шоттардың саны – 55 693 (өсім – 2%).

2020 жылдың басынан бері салымшылардың шоттарына жалпы көлемі 604,3 миллиард теңге зейнетақы жарналары аударылған. Бұл 2019 жылдың алғашқы 7 айындағы көрсеткіштен 55,1 миллиард теңгеге немесе 10%-ке көп.

БЖЗҚ-дан аударылған төлемдер

Төлемдер 98,2 миллиард теңгені құрады, оның ішінде:

  • жасы бойынша төлемдер – 34,9 миллиард теңге;
  • сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 24,3 миллиард теңге;
  • Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұратын жерге кету – 19,9 миллиард теңге;
  • мұрагерлерге – 16,4 миллиард теңге;
  • жерлеуге – 1,8 миллиард теңге;
  • мүгедектігі бойынша төлемдер – 900 миллион теңге.

2020 жылдың басынан бастап 1 тамыздағы жағдай бойынша, қор салымшыларының шоттарына 752,98 миллиард теңге таза инвестициялық табыс келді. Бұл өткен 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 389,77 миллиард теңгеге көп.

Оқи отырыңыз: "Екі жерде екі түрлі соманы көрсетеді": зейнетақы қоры түсініктеме берді

Жаңалықтар
0