Өңірлер

Атырауда желідегі парақшасында аудиожазба сақтаған жігіттің басы бәлеге қалды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуМессенджер WhatsApp
Мессенджер WhatsApp - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда тыйым салынған аудионы сақтаған атыраулық жауапқа тартылып, 55 560 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды

АЛМАТЫ, 13 тамыз – Sputnik. Атырау облысында "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшасында тыйым салынған аудионы сақтаған жігіт жауапқа тартылды, деп хабарлады Polisia.kz порталы.

"Көліктегі полиция департаментінің Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері "ВКонтакте" әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу кезінде Атырау облысының 25 жастағы тұрғыны әлеуметтік желіде тыйым салынған діни мазмұндағы аудиожазбаны сақтағанын анықтады", - делінген ақпаратта.

Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Сарықұл Жолановтың айтуынша, дінтану сараптамасының қорытындысы бойынша аудио жазбалардың Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынғаны анықталды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда қанша адам теріс діни ағымның жетегінде жүргені жарияланды 

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен аталған азамат әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 453-бабы 2-бөлігі ("бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін, сол сияқты өзге де өнімді Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 20 АЕК мөлшерінде (55 560 теңге) әкімшілік айыппұл салынды.

Жаңалықтар
0