Қоғам

Дәрігер COVID-19 кезінде қандай дәрілер тиімсіз екенін айтты

© Sputnik / Абзал КалиевСотрудник аптеки работает с покупателями
Сотрудник аптеки работает с покупателями  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлемде коронавируспен ауыратын науқастар бірнеше ай бойы ВИЧ пен безгекке қарсы дәрілермен емделді, алайда ол дәрілердің еш әсері болмаған

АЛМАТЫ, 30 шілде – Sputnik. Коронавирус инфекциясын емдеу әдістеріне түзету енгізу әлі де жалғасып жатыр, кейбір маман ескі әдістерге жүгінуді ұсынып отыр, деп хабарлады Алматы респираторлық қоғамының төрағасы, Еуропалық респираторлық қоғамның мүшесі Саттар Ералиев Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігінің Instagram парақшасында өткен онлайн-брифингте.

Айтуынша, енді вирусқа қарсы Алувиа препараты мен безгекке қарсы дәрі-дәрмек емдеу барысында қолданылмайтын болды.

"Бірнеше ай бойы бүкіл әлемде коронавирусты емдеу үшін ВИЧ-ке қарсы Алувиа препараты қолданылды. Содан кейін безгекке қарсы дәріні ара-тұра қолданып отырды. Бір апта бұрын америкалықтардың ұсынысы бойынша екі дәріні де алып тастады. Демек, біз науқастарға бірнеше ай бойы бұл дәрілерді бердік, бірақ оның еш әсері болмаған. Ал науқастар бұл емдеуге қарамастан, оттегімен қолдаудың арқасында аман қалған болуы мүмкін", - деді пульмонолог.

Ералиев коронавирусты емдеуде тромбозға қарсы препараттарды қолдануды кеңейту жоспарланып отырғанын жеткізді.

"Жақында The Lancet журналында мақала жарияланды. Ол жерде жақсы жаңа дәрі болмаса, ескі дәрілерді еске түсіру қажет деп айтылған. Мысалы 2000 жылдары жансақтау бөліміндегі науқасқа тыныс алу режимі мөлшерлеп берілсе, жедел респираторлық дистресс синдромынан өлім-жітім 6%-ке азаятыны анықталды", -деді маман.

Сонымен қатар пульмонолог шетелден, оның ішінде Ресейден дәрігерлердің Қазақстанға келуі жақсы көмек екенін айтып өтті.

 

Жаңалықтар
0