Қоғам

Алматыда қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады

© Sputnik / Тимур БатыршинОбщественный транспорт в Алматы
Общественный транспорт в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаладағы қоғамдық көлік қозғалысы дүйсенбі, 13 шілде күні сағат 06:00-ден бастап қайта жаңғыртылады

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Алматы көлік холдингі таратқан ақпаратқа сүйенсек, карантиндік шаралардың күшейтілуіне байланысты осындай шешім қабылданған.

"Карантиндік іс-шаралардың күшеюіне байланысты, демалыс күндері (11,12 шілде) Алматы қаласындағы қоғамдық көліктің, сонымен қатар метрополитеннің жұмысы тоқтатылатын болады", - делінген хабарламада.

Қоғамдық көлік қозғалысы дүйсенбі, 13 шілде күні сағат 06:00-ден бастап қайта жаңғыртылады.

Оқи отырыңыз: Сағынтаев жаңа карантин кезінде Алматыда қанша адамның жұмыссыз қалғанын айтты

Жаңалықтар
0