НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Алматы қаласында коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды мемлекеттік комиссияның жедел штабы.
"Марқұм 1957 жылы дүниеге келген", -делінген хабарламада.
Алматы қаласында осымен жетінші адам індеттен көз жұмды. Ал республикада коронавирустан көз жұмғандар саны 22 адамға жетті.
Сонымен қатар, 24 сəуір сағат 09:30-дағы жағдай бойынша вирус жұқтырған тағы 45 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтанда – 5, Алматыда – 8, Шымкентте – 6, Қостанай облысында – 2, Павлодар облысында – 4, Түркістан облысында – 4, Батыс Қазақстан облысында – 6, Атырау облысында – 2, Ақмола облысында – 2, Маңғыстау облысында – 1, Қарағанды облысында – 5.
Тағы оқыңыз: Тоқаев карантин жайлы: халық біртіндеп үйінен шығуы керек
Елімізде барлығы 2334 адамда коронавирус расталды.
- Алматы – 764,
- Нұр-Сұлтан – 433,
- Қызылорда облысы – 161,
- Шымкент – 139,
- Қарағанды облысы – 108,
- Жамбыл облысы – 98,
- Батыс Қазақстан облысы – 92,
- Ақмола облысы – 85,
- Атырау облысы – 84,
- Түркістан облысы – 81,
- Алматы облысы – 69,
- Павлодар облысы – 62,
- Ақтөбе облысы – 55,
- Қостанай облысы – 38,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 30,
- Маңғыстау облысы – 20,
- Шығыс Қазақстан облысы – 15.