Қоғам

Елде тағы 22 адам COVID-19 жұқтырды

© REUTERS / BRIAN SNYDERМедик держит пробирку с анализом на коронавирус
Медик держит пробирку с анализом на коронавирус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұр-Сұлтан қаласы - 2, Алматы қаласы - 13 және Алматы облысында жеті адамда коронавирус инфекциясы расталды. Қазақстан бойынша барлығы 2047 жағдай

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы 22 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы. 

"Нұр-Сұлтан қаласында - 2, Алматы қаласы - 13 және Алматы облысында жеті адамда коронавирус инфекциясы расталды", - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақыттағы мәліметке сәйкес, елде 2 047 адамда коронавирус расталды. Ең көбі Алматы қаласы (693) мен астанада(403) тіркеліп отыр.

Кеше, 21 сәуір күні денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында инфекция таралуы шыңына жеткенімен, басқа аймақтарда ол кештеу болатынын айтты.

Министрдің айтуынша, кез келген инфекцияның таралу шыңы бар. Ал денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған шешімнің арқасында таралу деңгейі төмендейді. Бұл шамамен үш ай уақытты алады.

Біртанов әлем бойынша таралу деңгейі төмендегеніне қарамастан, инфекция түбегейлі жойылып кеткен ел жоқ екенін алға тартты. Оның сөзіне қарағанда, инфекцияның шарықтау шегін, құлдырауын наурыз, сәуір, мамыр айында бақылайтын боламыз.

Соңғы мәліметке сәйкес, елде 489 адам жазылып шықты, 19 адам көз жұмды. 

Жаңалықтар
0