Қоғам

Тағы 18 адамның вирус жұқтырғаны анықталды

© AFP 2024 / DIRK WAEMСотрудник лаборатории проводит исследование пробы на коронавирус
Сотрудник лаборатории проводит исследование пробы на коронавирус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан бойынша коронавирус індетін жұқтырғандар саны 1 967 адамға жетсе, оның ішінде 452 адам аталған дерттен жазылып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Коронавирус жағдайы туралы ресми сайттың дерегі бойынша елімізде инфекция жұқтырған тағы 18 адам анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Оның ішінде Алматы қаласында – 1, Шымкент қаласында – 11,  Түркістан облысында – 1, Алматы облысында – 3 және Қарағанды облысында – 2 адамның індет жұқтырғаны анықталды", – делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 1 967 адам анықталды. Олардың ішінде:

  • Алматы қ. – 669;
  • Нұр-Сұлтан қ. – 390;
  • Қызылорда облысы – 151;
  • Шымкент қ. – 103;
  • Қарағанды облысы – 101;
  • Ақмола облысы – 82;
  • Атырау облысы – 80;
  • БҚО – 68;
  • Түркістан облысы – 66;
  • Жамбыл облысы – 65;
  • Алматы облысы – 53;
  • Павлодар облысы – 33;
  • СҚО – 30;
  • Ақтөбе облысы – 27;
  • Қостанай облысы – 25;
  • Маңғыстау облысы – 13;
  • ШҚО – 11.

Ал қайтыс болғандар саны 19-ға жетті. Олар: Нұр-Сұлтан қаласында – 2, Алматы қаласында – 5, Шымкент қаласында – 3, Ақмола облысында – 4, Шығыс Қазақстан облысында – 1, Қарағанды облысында – 1, Қостанай облысында – 1, Павлодар облысында – 1 және Түркістан облысында – 1.

Жаңалықтар
0