НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір — Sputnik. Қазақстанда тағы 36 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлады шұғыл штаб.
"Қызылорда облысында - 4 адам, Павлодар облысында - 2 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Шымкент қаласында - 3 адам, Батыс Қазақстан облысында - 5 адам, Алматы қаласында - 13 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 5 адам, Қарағанды облысында - 2 адамда коронавирус расталды", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытқа дейін елде 1331 адамда Covid-19 анықталды.
Алматы қаласы – 393, Нұр-Сұлтан қаласы – 302, Қызылорда облысы – 131, Қарағанды облысы – 84, Ақмола облысы – 80, Атырау облысы – 70, Түркістан облысы – 49, Жамбыл облысы – 49, Шымкент қаласы – 43, Солтүстік Қазақстан облысы – 28, Алматы облысы – 25, Батыс Қазақстан облысы – 25, Ақтөбе облысы – 14, Павлодар облысы – 13, Маңғыстау облысы – 12, Шығыс Қазақстан облысы – 8, Қостанай облысы – 5.
240 адам жазылып шықты, 16 адам қайтыс болды.
Тағы оқыңыз: Қарттар үйіне коронавирусты кім "кіргізгені" белгілі болды