Өңірлер

Қостанай облысында көз жұмған тұрғын індет жұқтырған адаммен байланыста болмаған

© Sputnik / Евгений Епанчинцев / Медиабанкке өтуАппарат для искусственной вентиляции легких в больнице, архивное фото
Аппарат для искусственной вентиляции легких в больнице, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жетпіс бес жастағы науқас коронавируспен ауырған адаммен байланыста болмаған әрі Жітіқара қаласынан шықпаған

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы коронавирустан қайтыс болған он бесінші адам туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Басқарма басшысы Вячеслав Дудниктің айтуынша, 12 сәуірде Жітіқара қаласының екі тұрғыны – 1945 жылғы ер адам мен 1955 жылғы әйел жедел жәрдеммен ауруханаға жетізілген. Екеуінің де дене қызуы мен демікпесі болған.

"Пациенттер аурудың алғашқы белгілерін 5 сәуірде байқаған. Бірақ, медициналық көмекке жүгінбеген. Екеуі де коронавируспен ауырған адаммен байланыста болмаған әрі Жітіқара қаласынан шықпаған. Алайда, сынама кезінде екеуінен де коронавирус табылды", – деді Дудник.

Оның түсіндіруінше, кеше ер адамның жағдайы күрт нашарлап, дене қызуы 39 градусты көрсеткен.

"Бүгін таңертең интубация жасалды. Науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Жүрегі тоқтап қалғаннан кейін реанимациялық шаралар атқарылды. Өкінішке қарай, таңғы 8:30-да ер адам қайтыс болды. Ал 1955 жылғы әйел Жітіқара қаласының инфекциялық ауруханасында жатыр. Жағдай орташа ауыр", – деп атап көрсетті Дудник.

Айта кетсек, Қазақстанда коронавирус індетінен 15 адам қайтыс болды: Нұр-Сұлтан қаласында 2 адам, Алматы қаласында 2 адам, Шымкентте 2 адам, Ақмола облысында 4 адам, Шығыс Қазақстанда облысында 1 адам, Қарағанды облысында 1 адам, Қостанай облысында 1 адам, Павлодар облысында 1 адам, Түркістан облысында 1 адам. 

Республика бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 275 адамға жетті, 203 науқас жазылып шықты.

Жаңалықтар
0